АҚШ Испанияның әлем чемпионатынан алған жүлдеақысынан 15 млн доллар ұстап қалады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ заңына сәйкес, елде тұрақты тұрмайтын шетелдік спортшылар мен командаларға төленетін сыйақыдан 30% федералдық салық ұсталады. Сондықтан биыл әлем чемпионатына қатысқан құрамалар алған ақшасынан салық төлеуге міндетті.

Әлем чемпионы атанған Испания құрамасы FIFA-дан 50 миллион доллар жүлдеақы алды. Енді оның 15 миллион доллары (7 млрд. теңгеден аса) салық ретінде беріледі.

Бұл жағдайды АҚШ Конгресінің мүшесі Тим Берчетт сынға алды.

Ол:

«Меніңше, бұл – тонаумен тең. Адамдардың осында келіп, ақша жұмсағанын қалаймыз. Бірақ кейін олардың қаржысының едәуір бөлігін салық ретінде алып қоямыз. Бізге тиімдірек салық жүйесі керек», – деді ол.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар