Еуропадағы орман өрті: Франция дабыл қақты, Испания төтенше жағдай жариялады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Бордо маңындағы аудандардан ондаған мың тұрғын эвакуацияланды. Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес өрттің бақылаудан шығып, қалаға қарай таралып жатқанын мәлімдеп, ахуалды  «өте күрделі» деп бағалады.

Орман өрттері Францияға айтарлықтай әсер етті. Елдің оңтүстік-батысында шамамен 42 мың гектар орман өртенді, бұл — Екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең ірі орман өрттерінің бірі.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар