Ормуз бұғазының жабылуы әлемдік мұхитқа жаңа қауіп төндірді

Әскери қақтығыстар тек адамдарға ғана емес, табиғатқа да ауыр зардап әкеледі. Ормуз бұғазының бірнеше айға жабылуы мұнай тасымалы мен жаһандық саудаға әсер етіп қана қойған жоқ. Енді ғалымдар әлемдік мұхиттың экожүйесіне төнген жаңа қатер туралы дабыл қағуда.
Алматыда камаз бен пойыз соқтығысты

Оқиға Түрксіб ауданындағы теміржол өткелінде болған. Қалалық полиция департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жүк көлігі жүргізушісінің маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетуі салдарынан болған. Осы кезде тоғыз вагоннан тұратын пойызбен қақтығыс орын алған.
Саябақта қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

️Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, 29 шілдеде таңертең белгісіз ер адам оған саябақта артынан келіп шабуыл жасаған және күш қолданбақ болған. Қыз қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші оның видеосын түсіріп үлгерген. Оқиғадан кейін полицияға арыз берілген.
«Ясауи керуені» Келес ауданына келді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қолдауымен бастау алған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық» семинары сырлы Келес ауданында болып өтті. Туркістан облысы әкімінің орынбасары, белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындардың қатысуымен бұл кездесуде Ясауи мұрасының ұлттық болмыс пен рухани тәрбиедегі маңызын талқылады.
9 млрд теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Ақтауда «Sax Invest» қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топқа сот үкімі шықты. Олар инвестиция және Африкадағы алмаз өндіру жобасын желеу етіп, 1000-нан астам салымшыдан 9 млрд теңгеден астам қаржы жинаған.
Ресей Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Telegram негізін қалаушылардың бірі Павел Дуровқа террористік қызметке көмектесті деген айып тағылып, оған халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1-бабы бойынша тергеліп жатыр. Дереккөз: @baq_kz
Жапонияда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

28 шілдеде Жапонияның оңтүстік-батысында болған 7,1 балдық жер сілкінісі 13 адамның өмірін қиды, ондаған мың адам электр қуаты мен сусыз отыр, деп хабарлайды Jiji Press.
Денсаулық сақтау министрлігі республикалық психиатриялық ауруханаға тексеру жүргізеді

Денсаулық сақтау министрі Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың қызметін тексеруді тапсырды.
Алматыда жер сілкінді

2026 жылғы 29 шілде Астана уақытымен 11 сағ. 09 мин. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді.
Биыл Қазақстанда 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

Биыл елімізде 1,1 трлн теңгеден астам қаржыға 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.