
Ормуз бұғазының жабылуы әлемдік мұхитқа жаңа қауіп төндірді: мыңдаған кеме экожүйеге зиян келтіруі мүмкін.
Әскери қақтығыстар тек адамдарға ғана емес, табиғатқа да ауыр зардап әкеледі. Ормуз бұғазының бірнеше айға жабылуы мұнай тасымалы мен жаһандық саудаға әсер етіп қана қойған жоқ. Енді ғалымдар әлемдік мұхиттың экожүйесіне төнген жаңа қатер туралы дабыл қағуда.
Халықаралық теңіз биологтарының зерттеуіне сәйкес, Парсы шығанағында айлар бойы қозғалыссыз тұрған мыңдаған коммерциялық кеме теңіздегі инвазиялық организмдердің бұрын-соңды болмаған ауқымда таралуына себеп болуы мүмкін.
Дереккөз: @baq_kz


