
Оқиға Түрксіб ауданындағы теміржол өткелінде болған. Қалалық полиция департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жүк көлігі жүргізушісінің маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетуі салдарынан болған. Осы кезде тоғыз вагоннан тұратын пойызбен қақтығыс орын алған.
Апат салдарынан КАМАЗ жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.
Аталған факті Түрксіб аудандық полиция басқармасында тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: 24kz


