КІТАПҚА ЖАЗЫЛҒАН ҒҰМЫР

Кітап – уақытпен сырласудың ең асыл жолы. Ал оның тұсаукесері – жаңа ойдың, жаңа көзқарастың өмірге қадам басқан сәті. Осы орайда Сарыағаш аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен дәрігер, кәсіпкер Жарылқасын Мелдешовтың «Өмір даңғыл жол емес» атты кітабының тұсаукесер жиыны өтті. Шара барысында автордың өмірлік тәжірибесі, кәсіби жолындағы сындарлы сәттері мен адамдық ұстанымдары кеңінен сөз болды.

КЕЛЕСТЕ ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Келес ауданында «Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған маңызды сайыс өтті. №41 Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған «Үздік әскери жетекші – 2026» аудандық байқауы өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Салтанатты шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, қатысушыларға сәттілік тілеген құттықтау сөздермен басталды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы ғалымдардың Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзенінен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқанын, осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлерімізді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисін қалай пайдалануға болады?

Құқық бұзушылық туралы енді смартфон арқылы – «Заң және тәртіп» сервисімен тікелей хабарлауға болады. Ол сіздің күнделікті қолданатын қолданатын қосымшалардың ішінде бар. Бірнеше секунд, және сіздің өтінішіңіз құқық қорғау органдарына жетеді.

Как использовать цифровой сервис «Закон и порядок»?

Как использовать цифровой сервис «Закон и порядок»?
Сообщить о нарушении теперь можно прямо со смартфона – через сервис «Закон и порядок». Он уже интегрирован в ваши привычные приложения. Пара секунд, и ваша заявка уже у дежурного полицейского.

КЕЛЕСТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ЖЕТІСТІГІ

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ақ ұлпа қар қалыңдап, қыстың қаһары сезіліп тұрған кезеңде, топырағы құнарлы Келес ауданында жаздың лебі сезіледі. Мұнда жылыжайларда қызанақ толық пісіп, мол өнім жиналуда. Қыс мезгілінде көкөніс өндіру – бұл аудан диқандарының заманауи технологияны тиімді пайдаланып, тынымсыз еңбек етуінің нәтижесі. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, берекелі еңбек пен жаңашыл тәсіл Келесті өнімді өңірге айналдырып отыр.