Жылыту маусымы: Сақтық қажет

Күн салқындап жылыту маусымында елімізде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт шығудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы бағытта Келес ауданының орталығы – Абай ауылында газға улануды болдырмау және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексерілді. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, үйлердегі газ жабдықтарының жағдайын бақылады. Ал талаптарды сақтамағандарға қандай шаралар қолданылды? Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Дарбаза елді мекені облыстық байқауға жолдама алды

Сарыағаш ауданында өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауының қорытындысы бойынша Дарбаза елді мекені жоғары нәтиже көрсетіп облыстық байқауға жолдама алды.
Мәслихаттың 47-сессиясы өтті

Сарыағаш аудандық мәслихатының 47-сессиясы өтті. Маңызды жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы мен депутаттар, жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияда қандай мәселелер қаралды? Тілші айтып берсін.
Өнегелі өмір иесі

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Өлкеміздің тұғырлы тұлғасы» жобасы аясында ауданның Құрметті азаматы Жарылқасын Ергеш Аппайұлының 75 жас мерейтойына арналған «Өмірі өнеге, еңбегі – елге мұра» атты кездесу кеші өтті. Тағылымды шарада мерейтой иесінің жүріп өткен өмір жолы, ғылым мен әдебиет саласына қосқан үлесі жиналғандарға кеңінен дәріптелді. Қаламгердің мерейтойына арналған рухани жиын жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Ошақты: Өзгерістер кезеңі

Шалғайдағы елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, ауыз су, газ, жол және әлеуметтік нысандар мәселесін шешу — бүгінгі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Осы бағытта Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде жыл басынан бері елді мекендерді газбен қамту, ішкі жолдарды жөндеу және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында жұмыстар жалғасып келуде. Атқарылған жұмыстар мен ауыл тұрғындарының пікірі жайлы толығырақ тілші материалында.
Қытай шекарасы тағы 3 күнге жабылады

Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдар, көліктер мен жүктерді өткізу 1, 2 және 3 қазанда уақытша тоқтатылады. Шектеу Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған мерекеге байланысты енгізіледі.
Қазақстан мен Германия бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті. Тараптар су саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Сауд Арабиясы мұнайды Қызыл теңіз арқылы тасымалдауды қайта бастады

Сауд Арабиясы Ормуз бұғазын айналып өтетін «Шығыс–Батыс» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қайта бастады, деп хабарлайды ТАСС.
11 жастағы британдық шахматшы қыз әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстер атанды

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) растағандай, Сиванандан гроссмейстер атағын алу үшін қажетті үш норманың соңғысын орындады.
Ақмола облысында ерлі-зайыптылар қаза тапқан үйді өртеген күдікті ұсталды

Ақмола полицейлері болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.