Қазақстандық 25-тен астам өндірушінің өнімі Түрікменстандағы көрмеге қойылды

Қазақстанның ұлттық павильонында ұйымдастырылған көрме Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Әзербайжан Президентінің 8-консультативтік кездесуінің аясында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кездесуге қатысушы мемлекеттердің басшылары өңір елдерінің ұлттық тағамдары мен мәдени мұрасын таныстыратын павильондарды аралап, ұсынылған экспозициялармен танысты.

3,1 млрд теңге айналым жасаған онлайн-казино ұйымдастырушылары сотталды

Тергеу мәліметінше, күдіктілер «Bingo-37» және «Lotoboom» платформалары арқылы құмар ойындарын ұйымдастырған. Олар WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарға ойынға қатысуды ұсынып, келіскендерге жеке аккаунт ашып берген. Қатысушыларға кіру деректері мен ақша аударуға арналған банк шоттарының мәліметтері жіберілген.

Жол бойынан алынған балық: 9 жасар баланың уланып қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер

Маңғыстау облысында ысталған балықтан уланып көз жұмған тоғыз жасар баланың оқиғасы бойынша жаңа деректер анықталды. Ведомствоның хабарлауынша, эпидемиологиялық тексеру кезінде мамандар ауруханаға түскен науқастарды сұрастырып, оқиғаның мән-жайын зерделеген.

Мұнай нарығында Brent пен WTI арзандады

Жұма күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 90,76 доллардан саудаланды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,80%-ға төмен. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 103,34 доллар болып, 0,90% арзандады. Ал Urals маркалы мұнайдың бағасы 2,55 долларға немесе 2,10% өсіп, барреліне 123,93 долларға жетті.

Адами капиталды дамыту – Қазақстанның болашағына салынған инвестиция

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен азаматтардың біліміне, кәсіби біліктілігіне және жасампаз әлеуетіне байланысты. Конституцияда адам капиталын, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамытуға мән берілуі осы бағыттардың ел болашағы үшін маңызын айқындайды.

Білім, ғылым және инновация – елдің тұрақты дамуының негізі

Елдің ұзақ мерзімді дамуы адам капиталының сапасына, ғылымның әлеуетіне және жаңа технологияларды тиімді қолдануға байланысты. Конституцияда білім беру, ғылым мен инновацияларды дамытуға басымдық берілуі осы бағыттардың стратегиялық маңызын көрсетеді.

Дәстүрлі көркемсөз байқауы өтті

Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында Сарыағаш ауданында көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылды. Жыр додасына 13 пен 18 жас аралығындағы 21 талапкер қатысып, ақынның шығармаларын жатқа оқып, көркем мәтінді мәнерлеп жеткізу шеберліктерін көрсетті.