Жол бойынан алынған балық: 9 жасар баланың уланып қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер

Фото: ЖИ

Маңғыстау облысында ысталған балықтан уланып көз жұмған тоғыз жасар баланың оқиғасы бойынша жаңа деректер анықталды. Ведомствоның хабарлауынша, эпидемиологиялық тексеру кезінде мамандар ауруханаға түскен науқастарды сұрастырып, оқиғаның мән-жайын зерделеген.

Балық өнімінен барлығы 6 адам дәм татып, олардың 5-і ауырып қалды. Жүргізілген эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде балық өнімінің қалдығы қалмаған, сол себепті зертханалық зерттеу жүргізілген жоқ. Балық Атырау облысының аумағында сатып алғандықтан, барлық мән-жайды анықтау үшін Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция департаментіне тиісті хаттар жолданды. Нәтижесінде аталмыш балық өнімінің жол бойында сатылғаны туралы деректер анықталмағаны туралы жауап алынды, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар