Непал мен Тибетте жоғалып кеткен үш қазақстандықтың бірі елден табылды – СІМ

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Сыртқы істер министрлігі Непал мен ҚХР Тибет автономиялық ауданындағы табиғи апат аймағында қалған қазақстандықтардың жағдайын бақылауда ұстап отыр.

«Бұған дейін Қазақстаннан келген үш турист хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген болатын. Екеуі Непалда, біреуі Қытайда делінген. Непалда болуы мүмкін деп саналған және хабарсыз кеткендер тізімінде тұрған олардың біреуімен байланыс орнатылды. Оның табиғи апат аймағына сапардан бас тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанда. Қалған екі отандасымыздың тұрған жері әзірге анықталған жоқ», – делінген хабарламада.

СІМ мәліметінше, хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандықтың туыстары анықтауға қажетті рәсімдерден өткен, оның ішінде Непал мен ҚХР-дың құзыретті органдары белгілеген тәртіпке сәйкес, ДНҚ-ны талдау үшін биологиялық материал тапсырды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар