Заманауи оңалту орталығы ашылды

Сарыағаш ауданында ерекше маңызы бар әлеуметтік нысан өз жұмысын бастады. Аудан аумағында алғаш рет жаңа форматта жұмыс істейтін «Ainala» атты оңалту орталығы ашылды. Бұл – ерекше қажеттілігі бар балалар үшін сапалы көмекке жол ашатын тың бастама.

Біз бақытты жандармыз

Келес ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің қолдауымен «Ягома-13» мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестік мүшелеріне арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың қоғамдағы орны әрдайым назарда екенін көрсету болды.

Әкімнің тұрғындармен кездесуі

Құркелес ауылдық округінің әкімі Мейіржан Турсункулов Ақүй елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, үйдің құжаттарын рәсімдеу, көгілдір отын кіргізу және өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Әкім тарапынан берілген жауап қандай болмақ? Алдағы бейнесюжетте.

Ауыл жастары бір алаңда

Ұшқын ауылдық округінде спорт пен бірлікті ұштастырған тағылымды жарыс өтті. Ауыл жастарын бір арнаға тоғыстырған дәстүрлі волейбол турнирі бұл жолы да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел ішіндегі ынтымақты айқын көрсетті.

Жастарға патриоттық үндеу

Сарыағаш ауданына қарасты Дархан елді мекенінде №33 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ халқының даңқты перзенті, Ұлы Отан соғысының қаһарманы, жазушы әрі әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Рухани-танымдық бағытта өткен бұл жиынның басты мақсаты — жас ұрпаққа Бауыржан Момышұлының ерлік жолын, отансүйгіштік рухын кеңінен насихаттап, батырдың ел тарихындағы айрықша орнын дәріптеу.

Келесте 3 медициналық нысан ашылды

Келес ауданында ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға бағытталған игі істер жалғасуда. Аудан аумағында бір күнде үш бірдей медициналық нысан пайдалануға беріліп, ауыл халқы үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекке жол ашылды.

Саналы ұрпақ – қауіпсіз болашақ

Заң мен тәртіп – тек талап емес, жас ұрпақтың қауіпсіз болашағының кепілі. Осы бағытта Келес ауданында мектеп оқушыларымен арнайы түсіндіру жиыны өтті. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың қазіргі ахуалы ашық айтылып, оның салдары мен жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді. Толығырақ, тілші материалында.

Қуаныш пен ризашылыққа толы кездесу

Мейірім мен жанашырлық бар жерде адамгершілік те биіктейді. Зағип жандарға қолдау көрсету – тек қайырымдылық қана емес, бұл – ортақ жауапкершілік. «Салибек» шипажайында зағип жандар Тәуелсіздік мерекесін бірлесе атап өтті. Бұл күн олар үшін елдік рухты сезініп, бірлік пен мейірімнің қадірін ұғындыратын ерекше сәтке айналды. Жылы жүздесу, ақжарма әңгіме мен сыйластыққа толы кеш зағип жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің шынайы маңызын сезіндірді.