Абай ескерткіші ашылды

Ұлы ойшылдың рухы тағы бір білім ордасында жаңғырды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, №18 Абай атындағы мектепте тағылымды әрі тарихи маңызы зор іс-шара өтті. Ақынға арналған ескерткіш орнатылып, оның рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған жиын салтанатты түрде ұйымдастырылды. Кеш барысын тілші жалғайды.

Найробиде БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясы өтті

Қазақстан делегациясы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың басшылығымен «Өміршең планета үшін тұрақты шешімдерді ілгерілету» тақырыбындағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының (ЮНЕА-7) 7-ші сессиясына қатысты.

Қазақстанның Гонконгтағы экспорттық әлеуеті талқыланды

Гонконгта Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығы қазақстандық экспортты Гонконг нарығына ілгерілету үшін ұйымдастырды.

Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті

Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі «Қазақфильм» киностудиясымен және Қазақ киносының француз қауымдастығымен бірлесіп Брюссель қаласында Қазақ киносының күндерін ұйымдастырды.

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін жаза күшейеді

Мәжіліс Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжатты денсаулық сақтау қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсеткені үшін жазаны күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес депутаттар әзірлеген.

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!

Жылыту маусымының басталуына байланысты Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тұрмыстық қауіптің алдын алуға шақырады!

Әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді

Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді.