Назарбаев пен Путин кездесті

Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі хабарлады.
Владимир Путин мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми жүздесуі Кремльде өтті. Олардың не себепті кездескені айтылмады.
Белгілі француз актрисасы Брижит Бардо өмірден өтті

Брижит Бардо 1934 жылғы 28 қыркүйекте Париж қаласында дүниеге келген. Ол кино мансабын 1950 жылдардың басында бастап, 1956 жылы экранға шыққан «И Бог создал женщину» фильмі арқылы танымал болды. Аталған картинадан кейін актрисан 1950–1960 жылдардағы француз киносының жұлдызына айналды.
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды.
Алимент өндіру – қоғамдағы ауыр мәселенің бірі

Еліміздегі жауапкершіліксіз жұптардың арасында ажырасу көп болғандықтан, борышкерлер қатары да жыл санап күрт артып келеді. Бүгінгі таңда соның салдарынан статистикалық мәліметтерге қарағанда, алимент өндіру жөніндегі шыққан әрбір төртінші сот шешімінің орындалуы өте күрделі болып саналады. Туған баласынан безген «безбүйрек» әкелердің балаларын жастайынан «тірі жетім» атандырып, өз қанынан жаралған ұрпағына қатыгездік жасауы көңілге қаяу салмай қоймайды. Осындай қоғамдық ауыр мәселеден балалар зардап шегеді.
Жұмысшы мамандықтарына құрмет

Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру – биылғы алға қойылған жоспарлардың бірі. Осы орайда Сарыағаш ауданының орталық кітапханасында «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты тағылымды жиын өтті. Басты мақсат – еңбек адамдарының адал еңбегін насихаттап, олардың қоғам дамуына қосқан үлесін кеңінен таныту.
«Жастар премиясы-2025»

Келес ауданында белсенді, бастамашыл әрі аудан дамуына үлес қосып жүрген жастардың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Биыл дәстүрлі түрде аудан әкімінің бастамасымен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар премиясы–2025» салтанатты жиынында түрлі салада топ жарған жас азаматтар марапатталды.
Жыл үздіктері марапатталды

Еңбегімен елге танылғандар еленген күн. Бүгін Сарыағаш ауданында жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, өз саласында үздік атанған азаматтар марапатталды. Ауданның әлеуметтік, мәдени және спорттық дамуына үлес қосқан үздіктерге құрмет көрсетілген салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.
Ғажайыпқа толы жаңа жыл

Сарыағаш ауданында Жаңа жыл мерекесіне орай ерекше көңіл-күй сыйлаған тағылымды шара өтті. Аудан әкімі қатысқан мерекелік концерт балаларға арналды. Іс-шара барысында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлау мақсатында түрлі сахналық қойылымдар, ән-күй мен би нөмірлері ұсынылды.
Ауданның даму бағыты мәслихатта талқыланды

Келес ауданында әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары кеңінен талқыланды. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында алдағы жылдарға арналған жоспарлар, бюджет саясаты және салалық бөлімдердің атқарған жұмыстары назарға алынды.
«Ар намысты арқалаған рухты батыр – Бауыржан»

№33 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ар-намысты арқалаған рухты батыр – Бауыржан» атты мектепішілік апталықтың қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынның басты мақсаты – жас ұрпаққа батырдың ерлік жолын кеңінен танытып, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, сондай-ақ оның ел тарихындағы айрықша орнын дәріптеу.