МӘМС: 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер енеді?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды жүйе. Аталған жүйе аясында тұрғындар сапалы медициналық көмекке қол жеткізеді. Дәл осы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар өзгерістер енгізілмек. Осыған байланысты Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері не дейді?

Мәдениеттегі жыл үздіктері

Сарыағаш ауданында 2025 жылды қорытындылау аясында мәдениет саласында елеулі еңбек етіп, ауданның рухани өмірінің дамуына үлес қосқан мәдениет қызметкерлері мен өнер ұжымдарын марапаттау жиыны ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – мәдениет саласында табанды еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін елеп, олардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау, өнер ұжымдарының белсенділігін арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Қазақстан елшісі Әулие Клемент Охридски университетінде дәріс оқыды

Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Битола қаласындағы Әулие Клемент Охридски университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды.

Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің бастамасымен Қазақстан делегациясының Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігімен (АЭХА) үйлестіру кездесуіне қатысу үшін сапары өткізілді.

Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады

Мәжіліс депутаттары бастамашы болған туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Түзетулер ішкі туризмді дамытуға, туристік саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

САРЫАҒАШ АУДАН ӘКІМДІГІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ПИРОТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУДА САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Сарыағаш ауданында 2025 жылғы 10 желтоқсаннан 2026 жылғы 5 қаңтарға дейін «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – сапасыз, сертификатталмаған және мерзімі өткен пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуы мен қолданылуына жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сарыжылғада футбол алаңы ашылды

Келес ауданына қарасты Сарыжылға елді мекенінде тұрғындар үшін қуанышты жаңалық. Ошақты ауылдық округінде жаңа шағын футбол алаңшасы пайдалануға беріліп, ауыл жастарының көптен күткен арманы орындалды. Жаңа футбол алаңшасы туралы толығырақ келесі бейнематериалда.

Ақхалатты абзал жандарға құрмет

Ардагерлер — ел тарихының тірі шежіресі, өткен мен бүгіннің арасын жалғап тұрған алтын көпір. Сарыағаш ауданының «Германиядағы Кеңес Әскерлерінің Тобы» ардагерлері ауданымыздың медицина саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлеріне зор құрмет көрсетіп, арнайы алғыс хаттар мен төсбелгілер табыстады. Бұл игі шара — адам өмірінің арашасы болып жүрген ақхалатты абзал жандардың еңбегіне деген шынайы ризашылықтың айқын көрінісі.