“Газдың иісі шығып тұрғанын бірнеше адам ескерткен”

Жаңа жыл түні Түркістан облысы Кентаудағы қымызханада жарылыс болды. Онда жұмыс істеген 18 жастағы Дана Сағынғалиқызы ауыр жарақат алып, көз жұмды. Жаңа жылда жақындары Дананы жұмыстан алып кетпек болған. Алайда жұмыс қызып жатыр деп, басшылық бойжеткенді жібермей қойған. Сол кезде анасы мен сіңлісі газ шығып тұрғанын ескерткен. Мұны бірнеше адам ескерткен екен.

2026 ЖЫЛЫ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

1 қаңтардан бастап елімізде қандай өзгерістер болмақ? Қысқаша баяндап өтейін. Жаңа салық кодексі күшіне енеді. Қосылған құн салығы 12пайыздан 16 пайызға дейін көтеріледі. Бұл базардағы және қызмет көрсету саласындағы бағаның өсуіне әсер етуі мүмкін. Айлық есептік көрсеткіш бұрын 3932 тг болса, енді 4325тг болады. Тиісінше, айыппұлдар да қымбаттайды. Ең төменгі жалақы 85000тг деңгейінде қалады. Ал ең төменгі зейнетақы 69049тг ні құрайды. Қуанышты жаңалық – жәррдемақылар өседі. Бала тууға байланысты бір реттік төлем – 1,2 немесе 3 балаға -164350тг, 4 және одан көп балаға 272475тг болмақ. Сонымен қатар, 2026ж көпбалалы аналардың да жәрдемақысы өседі. Ең маңызды өзгерістердің бірі – мобильді аударымдардың тексерілуі. Егер 3 ай қатарынан сіздің есептошытыңызға әр айда 100 және одан көп адамнан ақша түссе, сондай-ақ, жалпы сомма 1млн 20мың тг ден асса, бұл – кәсіпкерліктен түскен табыс ретінде қарастырылады. Мысалы, қаңтар айында 100адамнан, ақпан айында 100 адамнан, наурыз айында 100 адамнан ақша аударылса, жалпы сомма 1млн 20мың тгден асса сіздің мәліметтеріңіз банктер арқылы мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ СҰҚБАТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұқбаты жарық көрді. Мемлекет басшысы сұқбат барысында Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтіп, елдегі саяси реформалардың нәтижесі мен алдағы нақты міндеттерге тоқталды

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары атқарылып, жағдай тұрақты бақылауға алынған. Құзырлы мекемелер тарапынан су қоймаларының техникалық жағдайы мен елді мекендердің су тасқынына дайындығы жан-жақты зерделеніп, қажетті шаралар қабылдануда. Су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға жалпы 1124 жеке құрам, 112 техника, 25 қайық пен 92 мотопомпа дайындалған. Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде кеңінен сараланды.

Қазақстанның автомобиль жасау саласы рекордтық өсімді көрсетті

2025 жыл отандық автомобиль жасау саласы үшін шынымен де тарихи жыл болды. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылды, бұл өткен жылдағы ең жақсы айлық көрсеткіш. 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда шығарылым көлемі 25,5%-ға өсті, бұл саланың сенімді ілгерілеуін айқын көрсетеді.

«Жарқыра, жаңа жыл – 2026»

Келес ауданында «Жаңа жыл» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік безендірілген орталық алаңда аудан тұрғындары мен қонақтары бір арнаға тоғысып, көтеріңкі көңіл күйде жаңа жылды қарсы алды. Мерекелік кеш барысында ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары сахна төрінде ән мен биден шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы болып жарияланды

ҚР Президенті: 2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Еліміздің жарқын келешегі үшін алдағы конституциялық реформаның мән-маңызы зор. Азаматтарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл реформаны қолдайды деп сенемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтауы

Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды» Қымбатты отандастар! Біз бірнеше минуттан кейін Жаңа жылды қарсы аламыз. Төл тарихымыздың тағы бір белесіне қадам басамыз. Жұртымыз Жаңа жылды ерекше көңіл-күймен күтеді. Әр адам осы сәтте арман-тілегін айтады. Ескі жылдың ең әсерлі сәттерін еске алады. Болашаққа жоспар құрып, зор үміт артады.