Қытай АҚШ-тан Мадуро мен оның жұбайын босатуды талап етті

Қытай СІМ өкілі Мао Нин АҚШ-ты Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті дереу босатуға шақырды. Пекин Вашингтонның әрекетін Венесуэланың егемендігін бұзу және халықаралық тұрақтылыққа қауіп төндіру деп бағалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.

Президент тапсырмаларын орындау: СҚО-да аурухананы жөндеуге қайтарылған активтер қаражатынан 1,3 млрд теңге бөлінді

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүгізуде, соның ішінде елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді.

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ӨНДІРІС ІСКЕ ҚОСЫЛУҒА ЖАҚЫН

Келес ауданында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатыбалдиев және Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаевтар арнайы танысты. Халық қалаулылары аудан аумағында салынып жатқан жылыжай кешені, іске қосылуға жақын өндіріс орындары мен отандық өнім шығаратын кәсіпорындардың жұмысын көріп, жобалардың өңір экономикасы үшін маңызын атап өтті. Әр нысандағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайлы толығырақ тілші жалғайды.