Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам опат болды.

Тағы 100-ге жуық азамат зардап шекті. Қайғылы жағдай Кордова провинциясының Адамус елді мекенінде болған. 317 жолаушысы бар пойыз Мадридке бет алған. Кенеттен шойын жолдан шығып, қарсы келген пойызбен соқтығысады.

ӨТКЕН МЕН БҮГІННІҢ АРАСЫН ЖАЛҒАУШЫ РУХАНИ КӨПІР

Мұражай – ұлттың жады сақталған қасиетті қазына ордасы. Бүгінде Келес ауданының орталығында орналасқан мәдениет үйінің жанынан ашылған мұражайда 600 құнды жәдігер сақталған. Бұл экспонаттар өңір тарихынан сыр шертіп, келушілерге өлкенің мәдениеті мен дәстүрін тереңінен таныстыруда. Мұражай қорын аралап, өткенімізге шолу жасап қайтқан тілшімізге кезек берсек.

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазіргі жылыту маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда. Осыған орай, Сарыағаш аудандық газ инспекциясының қызметкерлері аудан тұрғындары арасында газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны бүгін Құркелес ауылдық округінде өтті.

Түркістанда әкесін азаптаған ер адам 5 жылға сотталды

Оқиға былтыр қыркүйек айында Түркістан облысы Шардара қаласында болған еді. Ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, ұрып-соққаны түсірілген видео желіде тараған. Кейін полиция ер адамды қамауға алды. Оған екі бап (Адамның дәрменсіз екенін көре тұра азаптау, Денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша айып тағылған.