ҚР ІІМ: 2025 жылы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға баса назар аудара отырып, аса шабуыл сипатына ие болды, деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.
ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

Келес ауданы Ошақты ауылдық округінің әкімі тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. Тұрғындардың арыз-өтініштері қашанда назарда. Әкім тұрғындармен ашық пікір алмасып, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, ауылдың дамуына оң ықпал етуде.
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАСЫМДЫҚ

Келес ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың артуы алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған байланысты аудан прокуратурасында мектеп психологтарының қатысуымен арнайы кездесу өтіп, балалар қауіпсіздігі мен тәртібіне қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Жиында қандай түйткілдер қозғалды, алдағы уақытта қандай шаралар қолға алынбақ?
Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады

Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалпыұлттық бірегейлікті одан әрі арттыру, ел бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында Қауымдастықтың атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.
Қаржылық тәртіп және медициналық көмектің сапасы: Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді қаржыландыру жүйесінде қаржылық тәртіп пен сапаны бақылау шараларын күшейтуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

Мемлекет басшысына компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері және газ саласында іске асырылған негізгі жобалар жөнінде баяндалды.
Премьер-министр Алатау қаласының инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларымен танысты

ҰЭМ деректері бойынша бүгінгі таңда Алатаудың Бас жоспарына түзету енгізілді, инженерлік желілердің салалық схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және инфрақұрылымдық дамудың Жол картасы бекітілді.
Трамп Ford зауытының жұмысшысына ортаңғы саусағын көрсетті

Бұл жағдай президенттің Мичигандағы Ford зауытына сапары кезінде болған. Сол сәтте жұмысшы Трампты педофилдерді қорғаушы деп балағаттаған. Ал Трамп оған жауап ретінде ортаңғы саусағын көрсеткен. Алайда бәрі мұнымен бітпеді. Аталған зауыттың қызметшісі жұмыстан босатылды.
АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатпақ

Иммиграциялық виза түрінен қағылғандар тізімінде Қазақстан да бар. Осылайша АҚШ мемлекеттік департаменті “қоғамға салмақ түсіруі мүмкін” үміткерлердің елге келуін шектемек. Енді бұл шектеулер 21 қаңтардан бастап күшіне енеді.
ӘР ҮЙГЕ ҚАЖЕТ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРАЛЫ

Қыс мезгілінде тұрмыстық қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие. Осыған байланысты Жемісті ауылдық округінде газбен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шараға Сарыағаш аудандық газ инспекциясының мамандары, «Қазақ газ аймақ» АҚ өкілдері және ауылдық округ әкімдігі қатысып, тұрғындарға газды қауіпсіз пайдаланудың жолдарын түсіндірді.