«5 жасар қыз мәйіттің жанында түнеп шыққан»

Талғарда азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқан 39 жастағы әйелдің ісі тергеліп жатыр.
МАХАББАТТЫ ТЕРБЕТКЕН ЛИРИКАЛЫҚ КЕШ

Сарыағаш ауданында қазақ эстрадасының жұлдызды жұптарынан құралған «Махаббат әлемі» атты концерті ұйымдастырылды. Мәдени шараға келген тұрғындар сүйікті әншілерінің өнерін тамашалап, ерекше көңіл күйге бөленді. Сахнада шырқалған әсем әндер мен әсерлі дуэттер көрермендердің жүрегіне жол тапты.
БІЛІМДЕГІ ЖАҢА ЖҮЙЕ

Келес ауданындағы №53 Құркелес жалпы білім беретін мектебінде мазмұны терең, мағынасы бөлек тағылымды семинар өтті.»Ұлттық құндылықтар мен жасанды интеллект, дәстүр мен технология үйлесімі» атты бұл басқосу заманауи білім мен ұлттық рухтың тоғысқан алаңына айналды.
Түркістанда қазақ-өзбек бірлескен жұмыс топтарының отырыстары өтті

Сырдария өзенінде автоматтандырылған гидробекеттер орнату, мемлекетаралық каналдарды жөндеу және су үнемдеу бойынша тәжірибе алмасу: Түркістанда қазақ-өзбек бірлескен жұмыс топтарының отырыстары өтті.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

Түркістан облысында тұрғындарды еңбекпен қамту, өндіріс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. 2025 жылы облыс тұрғындарын сапалы жұмыс орындарымен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілген. Жұмыспен қамту картасы шеңберінде 130 769 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бұл республика бойынша құрылатын жұмыс орындарының 14,5 пайызын құрап, ең жоғары көрсеткіш болып қалыптасты. 2025 жылдың қорытындысымен 147 719 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар артығымен орындалған. Оның ішінде 100 046 тұрақты жұмыс орны құрылса, 47 673 уақытша жұмыс орны жасақталған. Жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрап, төмендеген.
Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Арнайы операциялар күштері күні: ұлттық қауіпсіздік күзетіндегі элиталық құрылым

Елімізде 19 қаңтарда Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері күні аталып өтіледі.
Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам опат болды.

Тағы 100-ге жуық азамат зардап шекті. Қайғылы жағдай Кордова провинциясының Адамус елді мекенінде болған. 317 жолаушысы бар пойыз Мадридке бет алған. Кенеттен шойын жолдан шығып, қарсы келген пойызбен соқтығысады.
Алимент төлеуден жалтарған тұлға қамауға алынды

06.01.2026 жылы Бәйтерек ауданының соты алимент төлемін төлеуден жалтарған тұлғаға қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді.
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.