ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК: БІР СӘТТІК ШЕШІМ – ӨМІРЛІК ЖАУПКЕРШІЛІК

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» атты аудандық форум өтті. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулық туралы дұрыс ақпарат беру және жастардың жауапты шешім қабылдауына ықпал ету. Форум барысында дәрігерлер мен психологтар жас буынға ерте жүктіліктің медициналық және психологиялық салдары жайында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тоқаев МӘМС басшыларын сынап тастады

Президент құрылтайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыдағы ахуалды сынға алды. Ол қордағы қаржыны жымқыру әрекеттерін ұлтқа төнген қатер деп атады.

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ: НЕ ӨЗГЕРДІ?

Келес ауданында салық саласындағы жаңа өзгерістер тұрғындарға ашық форматта түсіндірілді. Мемлекеттік кірістер басқармасында өткен «Ашық есік күні» шарасы барысында 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормалары таныстырылып, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берілді.

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ: ТҰРҒЫНДАР ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Халықтың өтініш-тілектері қашанда назардан тыс қалмай келеді.Осы орайда «Amanat» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды кезекті қабылдау өтті. Жиынға халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марат Құралов пен Мансап орталығының бөлім басшысы Нұрболат Садиев қатысты. Бұл жолы тұрғындарды қандай мәселелер толғандырды? Толығырақ тілшіміз баяндайды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен сәулеттік жобалар жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Кеңес жұмысына сала басшылары, жауапты басқарма өкілдері мен инвесторлар қатысты. Өңір басшысы әрбір жобаны егжей-тегжейлі сараптап, сарапшылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.