Түркістаннан Бозжыраға дейін: бүгін Қытайда Димаштың халықаралық жобасының тұсаукесері өтеді

5 ақпанда Қытай уақытымен сағат 22:00-де (Астана уақытымен 19:00) Hunan TV телеарнасында Voice Beyond Horizon халықаралық жобасының ресми тұсаукесері өтеді. Бағдарлама Қазақстанда 14 ақпанда Qazaqstan ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «B5+1» форумына қатысты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан делегациясын бастап, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен екінші «B5+1» іскерлік форумына қатысты. Форум Орталық Азия мемлекеттері мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналды.
Шымкенттегі 21 жастағы Нұрайдың өліміне күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Іс 2-баптың 5-тармағы “Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” бойынша қайта сараланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Мемлекет басшысы Абу-Дабиде өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген бейнеүндеуінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығына ие болуымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл марапат олардың парасатты көшбасшылығына берілген баға екенін атап өтті.
ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Жылыту маусымында бірқатар сақтық шаралар жүзеге асырылуда. Осы тұста Келес ауданының орталығы – Абай ауылында газ және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді түсіндіру және тексеру жұмыстарына Келес аудандық газ техникалық инспекциясы, Төтенше жағдайлар бөлімі, Абай газ шаруашылығы мекемесі және ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Қауіпсіздік талаптары сақталмаған үйлерге қандай шаралар қолданылды?
Қазақстанда енді жұмыссыз әкелердің де декреттік демалысқа шыққан уақыты еңбек өтіліне есептеледі

Кәмелетке толмаған балаларына өзі күтім жасаған, бірақ ресми жұмыс істемеген әкелердің бұл уақыты енді зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі.
«Жаңа Конституцияда шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салынған»

Депутат Бақытжан Базарбек жаңа Конституция жобасында жерді сатуға мүмкіндік беретін бірде-бір норма жоқ деді.
Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында барлық кезеңде 1 294 іс-шара өткізіліп, 844 мың тонна қалдық жиналған, 1 млн гектар жер тазартылып, 2,9 млн ағаш отырғызылған.
Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.
ТӨҢКЕРІСТЕГІ КЕЗДЕСУ

Ауыл әкімдерінің халықпен кездесуі басталды. Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Абай Аширов тұрғындармен жүздесу барысында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауыл азаматтарының ұсыныс-тілектерін тыңдады.