Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті

Қатар Мемлекетінде Қазақстан Республикасының мәдениет күндері мәресіне жетті. Іс-шара аясында Доха қаласының тұрғындары мен қонақтары еліміздің мәдени мұрасы, дәстүрлері мен заманауи өнерімен танысуға мүмкіндік алды.

ҚЫЛМЫС ТӨМЕНДЕДІ, АЛАҢДАУШЫЛЫҚ АРТТЫ

Келес ауданында өткен жылы 218 қылмыс тіркелген. Бұл дерек аудан әкімі Жәнібек Есенұлы мен аудан прокурорының қатысуымен өткен мекемеаралық мәжілісте айтылды. Жалпы қылмыс деңгейі төмендегенімен, жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының өсуі алаңдаушылық тудырып отыр. Жиында тағы қандай мәселелер көтерілді? Қандай нақты тапсырмалар берілді?

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ

«Аманат» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Арман Абдуллаев халықты жеке қабылдады. Қабылдауға «Аманат» партиясының аудандық филиал төрағасы Шермат Ибрагимов, аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиын барысында халық тарапынан қандай өзекті мәселелер талқыланды?

Мәжіліс төрағасы Беларусь Республикасына ресми сапармен барды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Ол Минскіде ел Президенті Александр Лукашенкомен, Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы Игорь Сергеенкомен және Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен кездесті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылауды күшейтті. Сауда үстемесі шектелетін өнімдер тізімі 19-дан 31 позицияға ұлғайтылды.

ӨМІР ШЫНДЫҒЫ – КӨРКЕМ СӨЗДЕ

Келес ауданының орталық мәдениет үйінде Дәрігер-хирург, Сарыағаш пен Келес аудандарындағы денсаулық сақтау мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған қаламгер Жарылқасын Мелдешовтың «Өмір даңғыл жол емес» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Бұл – автордың оқырманға жол тартқан үшінші еңбегі. Жаңа туындысында қаламгер өмір жолындағы кәсіби тәжірибесін, адамдық ұстанымдарын және тағдыр тәлкегінен өткен сәттерін оқырманмен бөліседі.

Қатар мемлекетінде Қазақстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтті

Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени іс-шараның өтуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды.