КЕЛЕСТЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Келес ауданында қазақтың көрнекті ақыны, өңір тумасы Тоқаш Бердияровтың 100 жылдығына арналған «Келестің ыстық топырағы-ай» атты облыстық композиторлар байқауы өтті. Өңір өнерпаздарын бір арнаға тоғыстырған байқауда ақынның шығармашылығы жаңаша қырынан насихатталып, рухани мұра кеңінен дәріптелді. Облыс көлемінен жиналған өнерпаздар жыр мен сазды ұштастырған тағылымды кеш сыйлады.

АРДАГЕРЛЕР – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

Келес ауданы Қошқар ата ауылдық округіне қарасты Бесқұбыр ауылдық мәдениет үйінде Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі Келес аудандық филиалының III конференциясы өтті. Жиынның басты мақсаты – ұйымның атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттарды айқындау болды.

ШОҚАН УАЛИХАНОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл елді мекенінде №34 «Шоқан Уәлиханов» атындағы жалпы білім беретін мектепте ұлы ғалым, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан – ғылым көгіндегі жарық жұлдыз» атты тағылымы терең жиын жоғары деңгейде өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасын кеңінен таныстырды. Рухани құндылықтар кеңінен қамтылған тағылымды басқосу жайлы толығырақ тілші таратсын.

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ – НАҚТЫ ІСТЕРДЕ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АҚПАН АЙЫН ҚАН ТАПСЫРУ АЙЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ

Жалпыұлттық әлеуметтік бастамаларды қолдау аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын – өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялады. Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ШАХМАТШЫЛАРЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН ТАБЫЛДЫ

20-30 қаңтар күндері Түркістан қаласында өткен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының шахмат чемпионаты аяқталды. Елдің 20 аймағынан келген 1050-ге жуық жас шахматшы қатысқан басты дода ұлттық іріктеу жүйесінің шешуші кезеңі саналады. Дәл осы турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы халықаралық жарыстарға қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.