Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.

САРЫАҒАШ: ФУТБОЛ АЛАҢЫНДАҒЫ ТАРТЫС

Спорт бұл – ұлт денсаулығы. Ал дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз. Сарыағаш ауданындағы «Балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінде футболдан Түркістан облысының аудандық командалары бас қосып, тартысты турнир өтті. Жарыстың басты мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, облыс футболының дамуына серпін беру

ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ МА?

Келес ауданында полиция қызметінің 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен ашық есеп беру жиынында қоғамдық тәртіп, қылмыстың алдын алу және қауіпсіздікті күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Полиция дерегінше, ауданда тіркелген қылмыс саны 3,1 пайызға азайғанымен, бірқатар бағыттар әлі де ерекше бақылауды қажет етеді.

Флик «Барселонадан» кетуі мүмкін

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик маусым аяқталғаннан кейін каталондық клубтан кетуі ықтимал. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.

Н.КӨШЕРОВ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ МЕГА ЖОБА БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түлкібас ауданында әлемдік деңгейдегі экологиялық-этнографиялық демалыс аймағын құруға бағытталған ауқымды жоба бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Маңызды бастама биылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие болады. Жобаның негізгі тұжырымдамасы – «Орталық Азияның жүрегі, әлемге ашылған терезе». Бұл идея Түлкібасты тек ішкі туризмнің емес, Орталық Азия мен әлемді байланыстыратын халықаралық мәдени-туристік орталыққа айналдыруды көздейді.

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН САРЫАҒАШТА 300 ТӨСЕК-ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.