Т.ҚЫРЫҚБАЕВ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТАРИХИ КЕЗЕҢНІҢ БАСТАМАСЫ»

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Жаңа Конституция жобасын түсірдіру мақсатында сарыағаштықтармен бірнеше кездесу өткізді. Мәжілісмен “Арман” шипажайы, сондай-ақ, «И. Панфилов» атындағы ж.б.б.м. ұжымымен жүздесіп, референдум туралы кеңінен талқылады. Темір Базарбайұлы мен коалиция мүшелері «САРЫАҒАШ ТЕМІР ЖОЛЫ» жұмыскерлерімен де кездесіп, азаматтардың өзге де мәселелерін тыңдады.

АҒА БУЫН ТӘЖІРИБЕСІ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаты – республика ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және ақпараттық-мәдени қажеттіліктеріне жәрдемдесу. Осы ретте Сарыағаш ауданында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының IX конференциясы өтті. Конференция қорытындысында ардагерлер ұйымының алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері айқындалып, жаңа жоспарлар бекітілді.

️Атырау облысында бір отбасының мүшелерін өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталды

“Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі “Кісі өлтіру” бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адамды ұстады”, – делінген мәлімдемеде.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШЕТЕЛГЕ 60 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ЕТ ЭКСПОРТТАП, РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында және өз Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне үнемі тоқталады. Осы ретте Түркістан облысында аталған бағыт бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің басшылығымен мал шаруашылығын дамыту үшін шаруаларды кооперативтерге біріктіру, жем-шөп, өңдеу және өткізу тізбегін қалыптастыру, ветеринариялық бақылауды күшейту және субсидиялау жүйесін цифрландыру сияқты міндеттер айқындалған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН БИЫЛ 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛМАҚ

Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов іссапармен келіп, шақыру комиссиясының мүшелерімен кеңес өткізді. Кеңеске Қорғаныс істері жөніндегі департамент, Полиция департаменті басшылары, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық даму, жұмылдыру басқармаларының өкілдері, сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бейне байланыс арқылы қатысты.

ҚАБЛАНБЕКТЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған Халықтық Конституцияны қолдау жұмыстары Сарыағаш өңірінде қарқынды жалғасуда. Халықтық коалиция мүшелері ауданға қарасты ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Жиын барысында жаңа бастамалардың маңызы түсіндіріліп, реформалардың ел дамуына ықпалы жан-жақты баяндалуда.

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.