ДСМ: 70,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРАЖАТ ХАЛЫҚТЫ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігісатып алу жүйесін реформалаудың нәтижесіндеүнемделген 70,5 млрд теңгені азаматтарды қосымшадәрілік қамтамасыз етуге бағыттады. Босатылған қаражат онкологиялық, жүрек-қантамыр және аутоиммундықауруларды емдеуге арналған 7 инновациялық препараттытегін дәрілер тізібесіне енгізуге мүмкіндік берді.

САМАЛ 3-КЕ САПАЛЫ СУ ҚАШАН ЖЕТЕДІ?

Сарыағаш қаласының Самал-3 шағын ауданында ауыз су жүйесінің құрылысы қарқын алған. Арман Абдуллаев нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы мердігерге сапа мен мерзім басты талап екенін ескертіп, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертті.

ҚҰРКЕЛЕСТЕ ҚАРҚЫН БАР

Құркелес ауылдық округінде атқарылған ауқымды жұмыстар тұрғындар алдында есептелді. Ауда әкімі Арман Абдуллаев тұрғындармен кездесіп, 2025 жылы жүзеге асқан нақты жобаларды тізбектеп қана қоймай, алдағы жоспарларды да айқындап берді. Ауыз су, жарық, жол, әлеуметтік нысандар – округтегі өзгерістің айқын көрінісіне айналған.

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ҚАПТАМА ӨНІМДЕРІН ЖӘНЕ СКОТЧ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін жаңа зауыт өз жұмысын бастады. «QazEcoPack» ЖШС-ның скотч шығаратын өндіріс желісі іске қосылып, алғашқы өнімдер өндіріле бастады. Зауыттың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті құттықтады.