Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді.
Карачиде наразылар АҚШ елшілігіне басып кірді

Жиналған топ “Израильге өлім, Америкаға өлім!” деп ұрандатып, кешеннің сыртқы қоршауын бұзып өткен. Сосын көлікті өртеп, полициямен қақтығысқан.
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы шамамен бір айға созылады – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға не одан ерте созылатынын айтты.
ҮШ ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН СЕМИНАР

Құркелес ауылдық округіне қарасты Нұрлы Жол елді мекеніндегі №50 «Болатбек Омаров» атындағы жалпы білім беретін мектепте «Бүгінгі ата, әке, бала – осы ғасырдағы үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Тағылымды шараның басты мақсаты – ұрпақ сабақтастығын нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және жас буын тәрбиесіндегі ата мен әкенің рөлін айқындау.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ИСПАНИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Испанияның «Aqualia» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, ауыз су саласындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Ауғанстан Пәкістанға әуеден соққы жасады

Бұл туралы Талибан өкілдері мәлімдеді. Бұл — ауған қарулы күштерінің Пәкістанға қарсы ауқымды әскери операциясы. Ал осыған дейін Пәкістан Ауғанстандағы Нангархар, Пактика провинцияларына шабуыл жасаған. Соның салдарынан 13 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұған жауап ретінде Ауғанстан шекара маңындағы блок-бекеттерге соққыларын үдетті. Оның 15-ін басып алды.
Шучинскте жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан «Центр плова» мейрамханасында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты.
ЖАС ТАЛАНТТАР ЖАРҚЫРАҒАН КЕШ

Жастардың эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдап, қазақ композиторларының шығармаларын кеңінен насихаттауды мақсат еткен «Арай-2026» жас эстрада әндерін орындаушылар және мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы өтті. Дәстүрлі өнер додасы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Кеңес Дуйсекеевтің 80 жылдығына арналды. Іріктеу кезеңіне 38 үміткер өтінім беріп, қазылар шешімімен 9 әнші мен 13 жүргізуші ақтық сынға жолдама алған.
АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Ақсақалдар кеңесінің І тоқсандағы отырысы өтті. Жиында алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдум мәселесіне ерекше назар аударылды. Басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абрахманов қатысып, күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.