Ердоған мен Зеленский Ыстанбұлда кездесті

Түркия Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерді қолдауды жалғастырады. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін мәлімдеді.

«Ордабасы»-«Атырау» матчының соңы үлкен дауға ұласты

Оған төрешінің әділетсіз шешімі себеп болған. Екі команда арасындағы матч 4 сәуір күні Шымкентте өткен. Ойын 1:1 есебімен аяқталған. Бірінші болып қонақтар есеп ашқан. Екінші таймда «Атырау» тағы бір гол соққан. Алайда VAR қарауынан кейін бұл гол есептелмеген.

Белгілі шахматшы қазақстандық қызбен фотоға түсіп болып, төрешіге шағымданды…

Әлемдік шахмат жұлдызы, гроссмейстер Магнус Карлсен қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманның селфи жасау өтінішіне келіскен. Алайда фотоға түсіп болған соң ол қыздың қолында телефон барын айтып, төрешіге шағымданған.Төреші біздің спортшының телефонын алып қойған. Содан кейін ғана ойын басталған.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы басталды. Бұл республикалық маңызы бар жаңа автомобиль жолы өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтып, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған. Маңызды жоба арқылы тұрғындардың ұзақ жылдан бері көтеріп келе жатқан жол мәселесі шешімін тауып, көліктік-логистикалық әлеует ұлғаяды.

КӘСІПКЕ АЙНАЛҒАН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Кәсіп бастау батылдық пен табандылықты талап ететін қадам. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген жандардың бірі – тігін саласында өз ісін жолға қойған кәсіпкер Мөлдір Аширова. Ол сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып қана қоймай, ұлттық нақыштағы киімдерді жаңғыртып, заманауи үлгімен үйлестіріп келеді.