Криштиану Роналдудан 6 гол алынып тасталды

Криштиану Роналдудың 6 голы ресми статистикадан өшірілді — бұл голдар Араб Чемпиондар Лигасы аясында соғылған.
ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандарттарға сай есу арнасында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды.
Депутат пен әкім төбелесіп қалды

Бірақ бұл Қазақстанда емес Моңғолия парламентінде болған жәйт. Депутат Дашцэрэнгийн Энхтүвшин мен қала әкімінің орынбасары Т.Даваадалай арасында пікірталас туындаған. Соңында болмай кеткен соң екеуі күш сынасқан.
Астанада LRT-нің барлық құрамы сынақтан өтіп жатыр

Вагондар толық автоматтандырылған режимде, жүргізушісіз жүріп жатыр. Сынақ барысында пойыздардың қозғалысы, жолаушыларды отырғызу және түсіру, станцияларда тоқтау уақыты реттеледі.
Перизат Қайраттың көлігі мемлекеттік мекемелерге берілді

Бүгін аукцион өтті. Көлік ақыры мемлекеттік қызметкерлерге сыйға тартылды. Десе де нақты кім алғаны белгісіз.
2025 жылы салынған әрбір үшінші спорт нысаны ауылдық жерлерде орналасқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде спорт инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін тұрақты түрде көтеріп келеді. Бұл бағыт елдегі бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға тікелей әсер етеді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында былтыр елімізде 147 спорт кешені пайдалануға берілді. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, халықтың 1 000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтылуы қазіргі уақытта 59,6%-ға жеткен. Ал 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 65%-ға дейін жеткізу жоспарланған.
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады.
ПРОКУРАТУРА: ӘЛІМЖЕТТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ КЕРЕК

Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың қатысуымен маңызды жиын өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында орын алуы мүмкін әлімжеттік пен буллингтің алдын алу, оқушылар арасындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру мәселелерін талқылау.
ӨЛЕҢГЕ ТОЛЫ КЕШ!

Келес аудандық Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде ақын әрі жазушылар одағының мүшесі, «Т. Бердияров» атындағы әдебиет пен өнер бірлестігінің мүшесі Жүсіп Ашимовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жазамын қаламымды нұрға малып» атты шығармашылық кездесу кеші және жаңа «Өмір – мектеп, өнер – құт» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітаптың мазмұнын көпшілікке таныстыру, автордың шығармашылығын насихаттау және оқырманның рухани дүниесін байыту.
АҚШ пен Иран атысты 45 күнге тоқтатуы мүмкін

АҚШ пен Иран оқ атуды 45 күнге тоқтату мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы америкалық Axios басылымы жазды. Әлемнің тұрақтылығы үшін маңызды келіссөзге Пәкістан, Мысыр және Түркия арағайын болып отыр.