ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Келес ауданында прокуратураның ұйымдастыруымен №65 жалпы білім беретін мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиын өтті. Басқосуға мектеп директорлары мен жауапты сала мамандары қатысты. Жиында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселесі кеңінен талқыланды.

ТҮРКІСТАННЫҢ АВТОПАРКІ ЖАҢАРЫП, ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ 35 ЖАҢА АВТОБУС КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тасымалдаушы компанияларға 35 заманауи автобустың кілтін табыстады. Нақтырақ айтқанда, «Жолаушы» компаниясы 12 көлік және «ТехПрофАвто» компаниясы 23 автобуспен толықты. Сонымен қатар адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін көлік саласында қызмет етіп жүрген бір топ азаматты алғыс хаттармен марапаттады.

Ақтөбелік ер адам дәрігерлер ұмытып кеткен дәкені тамағынан өзі суырып шығарды

Ер адамның сөзінше, дәке 2023 жылы жасалған отадан соң қалып кеткен. Ол кезде науқастың мойын дискісіне протез орнатылып, жарығы алынған. Алайда бірнеше аптадан кейін жарасы қабынып, қызарып, іріңдеген. Ауырсынған соң ол жарадан дәкені өзі шығарып алған. Сол сәтті видеоға да түсіріп алыпты.