«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ»

Ақжар ауылдық мәдениет үйінде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті. «Нашақорлыққа – жол жоқ» атты жиынға мектеп оқушылары қатысып, сахнада көрініс қойды. Толығырық алдағы бейнематериалда.

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАР НАЗАРЫНДА

Сарыағаш ауданында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ үшін» атты тақырыпта аудан жастарымен ашық кездесу өтті. Жиынның мақсаты — жас буынға құқықтық тәрбие беріп, қоғамдық тәртіп пен салауатты өмір салтын насихаттау. Толығырақ тілші материалында.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Сарыағаш ауданы бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің туған-туыстарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, төменде берілген тізімдегі жауынгерлерге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс үшін: 8-708-705-12-00 – Қамар.

11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Иранда Хаменеидің кеңесшісі қаза тапты

Иранның рухани көсемі Камал Харрази әуе соққысынан қаза тапты. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқан. Алайда Хаменеидің кеңесшісі алған ауыр жарақатынан айықпай, бірнеше күннен кейін жан тапсырды.

Иштван Ковач Чемпиондар Лигасынан шеттетілді: “Барселонаның” шағымы нәтиже берді

Румын төрешісі Иштван Ковач ағымдағы маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасының матчтарында енді жұмыс істемейді. УЕФА-ның бұл шешімді қабылдауына оның даулы матчтағы әрекеті себеп болған. Мұны Zamin.uz ақпараттық орталығы хабарлайды.

Жапония Қазақстан мұнайына құда түсіп отыр

Жапония билігі ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін ұлттық мұнай қорынан 20 күндік қорды босатпақ. Қазір олар бірқатар елдермен мұнай жеткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Алматы облысында қыз зорлау ісі бойынша екі күдікті ұсталды

Полиция мәліметінше, 19 наурызда 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталып, олардың екеуі қамауға алынды. Қалған күдіктілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.