ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТ

Келес ауданында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі тиімді түсіндіруге бағытталған «Қызмет алушылар күні» атты шара өтті. Бұл Қазақстанның барлық өңірінде бірыңғай форматта ұйымдастырылатын іс-шара. Негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, халықпен кері байланыс орнату және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Игі бастама аясында азаматтарға қызмет алу жолдары жан-жақты түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша кеңестер берілді.

ЖАС БУЫНҒА ҚОЛДАУ

Бүгінде жастарды қолдау – қоғамдағы маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта Келес аудандық жастар ресурстық орталығы жас буынмен түрлі бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Орталық мамандары жастарға жұмыспен қамту, кәсіптік бағдар беру, психологиялық және құқықтық кеңес ұсыну бойынша қолдау көрсетіп келуде.

Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрімен кездесті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс және геология салаларындағы өзара іс-қимылды ұлғайту мәселелерін талқылады.

ҚАЗАҚСТАНДА СОТТАЛҒАНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖАҚСАРДЫ: ҚАЖ ЖҮЙЕСІНДЕ ӨЛІМ 5%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын азаматтардың денсаулық көрсеткіштерінде оң динамика байқалып отырғанын хабарлайды.

Кішкентай кенгуруларға ат қоя аласыз

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді. Екеуі сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан және Тик пен Линдадан туса, бір еркек төл жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан туған.