
Сарыағаш қаласы аумағынан өтетін Рамадан каналынан таралатын Р-4-3 каналын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Механикалық тазалау жұмыстарымен аудан әкімі Арман Абдуллаев танысып, жұмыстардың сапалы әрі уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында «Су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі таңда аталған кәсіпорын тарапынан Р-4-3 каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2 арнайы техника жұмылдырылып, жалпы ұзындығы 7,5 шақырым канал тазартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Алғабас елді мекенінің егістік жерлері ағын сумен қамтылатын болады. Айта кетейік, 2025 жылы аудандағы жалпы ұзындығы 132 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткен. Ал, биыл 231 шақырым су арнасын тазалау жоспарланып отыр.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


