20 балл жинаса жүргізуші куәлігінен айырылады: Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды

Премьер-министр Олжас Бектеновтың мәліметінше, қазір бұл жүйе Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сынақтан өткізілуде.
Байқоңырда тарихи сәт

Алғаш рет «Сұңқар» зымыраны сәтті ұшырылды. Жаңа буындағы «Союз-5» зымыраны сынақтан өтіп, есептелген траекторияға дәл шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!
Қырғызстанда сел жүрді

Қырғызстанның Баткен облысы, Қадамжай ауданында нөсер жаңбырдан кейін сел жүріп, бірқатар қиындықтар тудырды:
Қазақстан халқының бірлігі – басты құндылық

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – еліміздегі барлық этностардың достығы мен татулығын, өзара құрметі мен келісімін айшықтайтын маңызды мереке. Аталған күн қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтың символына айналған.
ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК – 2026

Сарыағаш ауданы, №27 Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдер аралық пән бірлестіктерінің байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс шараның өткізудегі басты мақсаты – оқыту процесінде өздігінен жұмыс оррындаулары баяу деңгейдегі оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Тапқырлықпен білімділікті ұштастырған сайыс жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
ЖАСКЕШУДЕ ӨТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУРНИР

Қызылжар ауылдық округіне қарасты Жаскешу елді мекенінде 1998 жылы дүниеге келген азаматтардың ұйымдастыруымен футболдан турнир өтті. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ауызбіршілік пен шынайы достықтың мәнін дәріптеу. 12 команда 6 ойын жайлы тілші таратсын.
ЕЛ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТКЕН ЧЕМПИОНДАР

Сарыағаштың жас спортшылары тағы да ел мерейін үстем етті. Ташкент қаласында өткен «Джет кун до» жекпе-жек өнерінен Азия чемпионатында аудан намысын қорғаған өрендер жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, туған өлкенің абыройын асқақтатты. Аудан әкімі Арман Айдарұлы жас спортшыларды қабылдап, салтанатты түрде құттықтады.
FBI бұрынғы басшысына айып тағылды

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін.
Әлемде жыл сайын 2 миллионнан астам адам жұмыс орнында алған жарақатынан көз жұмады.

Бұл – Халықаралық еңбек ұйымының дерегі. Бір ғана АҚШ-тың өзінде биыл 5 мыңға жуық қызметкер үйлеріне оралмауы мүмкін. Осы орайда елдегі ең қауіпті әрі тәуекелдері жоғары кәсіп түрлері анықталды.