Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке бұл мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталғанын айтты.
Біріккен Араб Әмірліктері 1 мамырдан бастап ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатынын мәлімдеді

ОПЕК-тен шыққаннан кейін БАӘ нарықта «жауапты рөлін» жалғастырып, сұраныс пен нарықтық жағдайларға қарай мұнай өндіруді біртіндеп арттыруды жоспарлап отыр.
Баян “Қыз Жібектің” қамзолын мұражайға тапсыратын болды

Продюсер Алагөзова қамзолдың тағдырын тиісті органдар шешетінін айтты. Оған қоса оны ерте ме, кеш пе мұражайға тапсырамын деді.
Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Облыс прокуратурасы «Қазахтелеком» АҚ және Полиция департаментінің «Cyberpol» қызметкерлерімен бірге өзара ынтымақтастық шеңберінде интернет-алаяқтық фактісінің жолы кесілді.
Моуринью «Реалға» оралу туралы сұраққа жауап берді

«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью мадридтік «Реалға» қайта оралуы туралы тараған қауесеттерге түсініктеме берді.
Бүгін – Халықаралық би күні.

Өнердің адамзатпен қозғалыс, пластика, ырғақ пен сезім арқылы тілдесе алатын зор құдіретін айшықтайтын мереке. Қазақстан үшін би өнері сахналық бағыт қана емес, халқымыздың бай мәдени мұрасын, терең тарихы мен дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын танытатын қастерлі өнер саласы.
Биыл түсті металлургия саласында сегіз жобаны іске асыру жоспарланған

Түсті металлургия – Қазақстан өнеркәсібіндегі жетекші салалардың бірі. Бұл бағыттың табысты дамуына еліміздің бай шикізаттық базасының болуы ықпал етіп отыр. Қазақстан аумағында мыс, мырыш, никель, қорғасын, алюминий және бағалы металдардың ірі кен орындары шоғырланған. Биыл салада жалпы көлемі шамамен 80,1 млрд теңге инвестиция тарту арқылы 8 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар жүзеге асырылса 1,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Жобаларды мониторингтеу және талдау дирекциясы хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді.
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРҒА ТАҒЗЫМ

«Қазақстан Өзбекстан Президенттерінің ізімен» атты экспедиция аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Дулат Әбіш бастаған делегация саялы Сарыағаш пен сырлы Келес аудандарында бірқатар мемориалды ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Іс – Сапарға зиялы қауым өкілдері мен ұлт жанашырлары қатысты. Қос елдің ынтымақтастығы мен достығын кеңейтуді мақсат еткен бұл жоба жайында толығырақ алдағы бейнематериалда.
МӘДЕНИЕТ МАМАНДАРЫНЫҢ САЙЫСЫ

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ауылдық округтердегі мәдениет үйі мамандары арасында шығармашылық сайыс өтті. Ауқымды шараның басты мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.