Тұрғындарға арналған сый

Сарыағаш ауданында мереке қарсаңында қос медициналық нысан пайдалануға берілді. Жаңаталап және Атамекен елді мекендерінде бой көтерген медициналық нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов пен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысты. Шаттыққа кенелген тұрғындардың қуанышымен әріптесім бөлісіп қайтты.
Үйірме әлемі

№20 Т.Бердияров атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Үйірмелер әлемі” атты шара өтті. Қорытынды кеште 300-ге жуық үйірмеге қатысатын оқушылар өнер көрсетті. Ұшқында өткен концерт туралы алдағы сюжетте.
Ең дәмді тағам – Сарыағашта

Ауданымызда жаңа қоғамдық тамақтану орны — “Make Plov” дәмханасы тұрғындарға есігін айқара ашты. Брендке айналған дәмханалар желісі қос аудан тоғысқан Дархан елді мекенінде ашылды. Бір мезетте 300 адамға қызмет жасауға мүмкіндігі бар тамақтану орны туралы келесі сюжетте.
Поэзиямен өрнектелген өмір

Келес ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті ақын Тоқаш Бердияровтың туғанына 100 жыл толуына орай кең ауқымды мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды мерейтой ақынның ел тарихындағы және қазақ әдебиетіндегі айрықша орнын айшықтай түсті.
«Нұрлыжол» дәрігерлік амбулаториясы

Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория халық игілігіне берілді. Құркелес ауылдық округіне қарасты медициналық нысанның ашылу салтанатына арнайы облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Халыққа медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған медициналық мекеме туралы келесі сюжетте.
Жер мәселесі талқыланды

“Жер аманаты” комиссиясының кезекті көшпелі отырысы Сарыағаш ауданында өтті. Көшпелі форматта ұйымдастырылып жатқан мәжілісте “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев комиссия мүшелерімен бірге Президент жолдауына сәйкес, жерді ретке келтіруге қатысты нақты шешімдер қабылдады.
Белсенділерге құрмет

Тәуелсіздік күні қарсаңында белсенділер марапатталды. “AMANAT” партиясы Сарыағаш аудандық филиалында жиын өтті. Шараға ауданның мәртебесін асқақтатуға, әлеуметтік- экономикалық әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ “AMANAT” партиясының бастамаларына әрдайым қолдау білдіріп жүрген азаматтар қатысты.
Ұлт тарихындағы аса маңызды кезең

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл Жамбаев жалпы білім беретін мектебінде Алашорда қайраткерлеріне арналған тағылымы мол шығармашылық кеш өтті. Ұлт тарихындағы аса маңызды кезеңдердің бірі – Алаш қозғалысының мәні мен маңызын насихаттауды мақсат еткен бұл шараға мектеп ұжымы, оқушылар және қонақтар қатысты.
Шалғай ауылдар ауыз сумен қамтылды

Сарыағашта мемлекетке қайтарылған активтер есебінен шалғай ауылдар орталықтандырылған ауыз суға қосылды. Атап айтқанда, Тасқұдық, Сарысу, Шеңгелді елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен салтанатты шараларға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, депутаттар мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Еңбек адамдары еленді

“Жұмысшы мамандықтар” жылы аясында, сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында “Тәуелсіз елдің еңбек адамы” атты мерекелік шара өтті. Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ұйямдастырылған жиынға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев арнайы қатысты. Заң мен тәртіпті сақтау, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру және тәуелсіз елдің еңбек адамының рөлін кеңінен насихаттау мақсатында өткен салтанатты шара жайын әріптесім айтып берсін.