ТӨЛ ӨНЕР ДӘРІПТЕЛДІ

Дархан елді мекенінде халқымыздың саф өнері дәріптелді. Асыл қазынамыз дәстүрлі ән мен терме өнерін насихаттауға бағытталған «Дәстүрлі ән – халық мұрасы» атты мәдени шараға ауданымызға белгілі жыршы-термешілер қатысты. Өз деңгейінде ұйымдастырылған кеш жайын әріптесім әспеттесін.

КӨКЕ – ЖӘКЕСІЗ МАНСАП

Конкурссыз және көке-жәкенің қолдауынсыз мемлекеттік қызметте жоғарылауға жол ашық. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеу керек», – деп баса айтқан болатын. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалана білген келестік маман туралы алдағы сюжетте.

6 АУДАНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА

Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров медициналық нысанның іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Үш негізгі блоктан құрылатын аурухана Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай, Шардара, Қазығұрт аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.

АЙМАҚ ӘЛЕУЕТІ

Сарығаш ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 385,8 млрд теңгені құраған. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі жыл қорытындысымен 137,2 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,5 млрд теңге көлемінде. Сондай-ақ, негізгі капиталға 82,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев бақ өкілдерімен өткізген брифингте айтты.

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ

Ақпан айының алғашқы бейсенбісі – дүниежүзілік сайлау күні. Бұл дата – дауыс беру құқығы азаматтық қоғамның негізі екенін айқындайды. Айтулы датаға орай Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы студенттермен кездесіп, ашық пікір алмасты.

ЖАҢҒЫРҒАН ЖӘДІГЕР

№27 «Шәкәрім» жалпы білім беретін мектебінде ұлттық рухты ұлықтаған «Айтыс – ел мұрасы» атты өнер додасы өтті. Ата-бабадан келе жатқан асыл мұрамыз – айтыс өнерін жас ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат еткен бұл шараға бастауыш сынып оқушылары мен 5-сыныптың өнерлі, талапты оқушылары белсене қатысты.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Бүгінгі күні талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту – еліміздің басты міндеттеріне айналды. Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» баса айтқан болатын. Президент саясатын жүзе асыру аясында аудандық бөлімге конкурссыз орналасқан жас маман Бекұлан Нұржанұлы туралы сюжет назарларыңызда.

ШЫМЫРБАЙ – КІТАПҚҰМАР ЖАСТАР МЕКЕНІ

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 100-ге жуық өлеңін жатқа білетін, жылына 50-ден аса кітап оқитын, кітапқұмар оқушылар қайда дейсіздер ғой? Сарыағаш ауданы орталығынан 51шақырым шалғай жатқан Шымырбай ауылында. Бұл – кітаптың құдіретін терең сезінген, білімге құштар жас ұрпақтың жарқын үлгісі. Ендеше, шымырбайлық дарынды жастар туралы сюжет назараларыңызда.

БАЗАРДА ӘШКЕРЕЛЕНГЕН МАЛ ҰРЛЫҒЫ

Келес ауданында 20 күн ішінде мал ұрлау фактісімен ауыр санаттағы 4 қылмыстық іс тіркелген. Ұсталған 9 күдікті 2 айға “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы негізінде аудандық сотпен санкцияланып қамауға алынды. Соңғы уақытта ауыл тұрғындарын алаңдатқан мал ұрлығы деректері бойынша аудандық прокуратура қызметкерлері сұхбат берді.