«Әбіш оқулары» байқауы

ҚР-ның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің алып өкілі Әбіш Кекілбаевтың мол мұрасын насихаттау мақсатында аудандық Әбіш оқулары байқауы өтті. Дербісек ауылдық округіндегі №79 жайлы мектеп ғимаратында өткен әдеби сайысқа аудандық білім бөліміне қарасты 12 мектептің оқушылары қатысты. Жас көркемсөз шеберлері түскен рухани бәйге туралы алдағы сюжетте.
Р.Асылбекұлының жеке қабылдауы

Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы жеке қабылдау өткізді. Қабланбек ауылдық округінің әкімдігінде өткен қабылдауға тұрғындар түрлі мәслелерімен келіп, өтініш-тілектерін білдірді. Толығырақ, тілші материалында.
Мерекелік дөңгелек үстел

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Жылдың ең әсем мерекесіне орай, аудан әкімі Арман Айдарұлы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, арнайы жиын өткізді. Мерекелік қабылдауға көпбалалы аналар, ардагерлер мен жұмыскер нәзікжандылар қатысты. Өңір басшысы жарқын мерекемен жиналғандарды құттықтап, ақ тілегін арнады.
Ғасыр жасаған әжелерге құрмет көрсетілді

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандағы жасы 100-ден асқан, ұзақ жылдар қызмет етіп, ауданымыздың дамуына айрықша үлес қосқан әжелердің шаңырақтарына аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, құрмет көрсетті. Одан соң, аудандық перзентханадағы аналарды мерекемен құттықтады.
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы»

Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Халықаралық әйелдер күніне орай, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ауқымды мерекелік кеш өтті. «Ана – гүл, ана – өмір шырағы» атты шараға аудан басшысы мен аудандық мәслихат төрағасы қатысып, нәзіжандыларды мейраммен құттықтады. Кештің арнайы қонағы Оразкүл Асанғазы аналар қауымын – өмір сиволына теңеп, әйелдердің қоғамдағы орнына ерекше тоқталып өтті. Мерекелік кештен арнайы Айгерім Айтбаева жалғайды.
Кезекті қоғамдық қабылдау

Самал мөлтекауданында қаңғыбас иттер қаптап барады. Бірнеше рет балаларды ит тістеу фактісі тіркелсе де, жауаптылар шара қолданар емес. Осы және өзге де мәселелер Сарыағаш ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауында көтерілді.
Келесте каналдар тазалануда

Келес ауданында су тасқынының алдын алу бойынша каналдар мен көпірлердің маңы тазалануда. Ошақты ауылдық округі Береке елді мекеніндегі “Саңырау” каналынан бөлінетін “ Қараман” арығы механикалық әдіспен тазаланды. Ал қазіргі таңда “8-ші Ұлан” каналын тазалау жұмыстары жүруде.
Полиция ұжымы құрмет көрсетті

Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің ұжымы Алғыс айту күніне орай қоғамдық қауіпсіздіктің тұрақтылығы үшін еңбек еткен ардагерлер мен белсенді азаматтарға құрмет көрсетті. Бөлім бастығы, полиция полковнигі Есенғали Бейсебаев азаматтарды Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпаттарын тапсырды. Толығырақ, әріптесім айтып берсін.
Алғыс айту күні кең көлемде тойланды

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Алғыс айту күні мерекесіне арналған ауқымды шара өтті. “Рақмет саған, Отаным” атты мерекелік жиынға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы қатысып, жиналғандарды мейраммен құттықтады. Толығырақ, тілші материалында.
Сарыағашта оқушылар сарайы салынады

Құркелес ауылдық округіне қарасты Құркелес елді мекенінің 7 көшесіне ауыз су құбырлары тартылып, Ақбура ата көшесіне жарық шамдар орнатылды. Округке қарасты Құлтума елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту мақсатында электр желілері мен бағаналары жаңартылған. Сондай-ақ, 4 елді мекенге «Билайн» ұялы байланыс операторы тарапынан 4G жоғары жылдамдықтағы базалық станциясы орнатылған.Осы және өзге де ақпараттар Арман Абдуллаевтың Құркелес ауылы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды.