Қазақстан халқы тілдері күні

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал ететін маңызды мейрам, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде мерекеленді. “Тіл – достық пен ынтымақтастықтың кепілі” атты салтанатты шара туралы тілші материалында.

Білікті хирургтар бас қосты

Ауданымызда медицина саласына байланысты қос маңызды жиын өтті. Атап өтсек, Түркістан облысы хирургтарының кеңейтілген жиыны өтті. Сондай-ақ, Сарыағаш орталық аудандық ауруханасының жұмыс барысы бақыланды. Ақ халаттылардың басын қосқан облыстық шара туралы алдағы сюжетте.

Салтанатты қабылдау

“Қапланбек” жоғары аграрлық-техникалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, сондай-ақ, ата-аналар қатысты. Толығырақ, тілші материалында.

Алғашқы қоңырау

1 қыркүйек – Білім күні. Мерекелік демалыс күнімен сәйкес келген мейрам, еліміздің барлық мектептерінде салтанатты түрде атап өтілді. Жаңа оқу жылына арналған жиын №5 Сыдық Ысмайылов атындағы білім ошағында да тойланды. Білім күні мен алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қуанышы келесі сюжетте.

Сарыағаш: 900 орындық «жайлы мектеп» ашылды

1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай, мыңнан аса мектебі бар облыс аумағында 8 «Келешек мектебі» оқушылар мен ұстаздарға есігін айқара ашты. Оның ішінде Сарыағаш ауданында 3 жайлы мектеп пайдалануға берілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ашылып жатқан №80 жалпы білім беретін мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы қатысып, жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Қорытынды кездесу

Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұловтың аймақ тұрғындарымен қорытынды кездесулері Алпамыс батыр және Абай ауылдарында өтті. “Заң мен тәртіп” аясында ұйымдастырылған шараларда өңір үшін өзекті мәселелер көтерілді. Толығырақ, тілші тарқатады.

Қылмыс 20 пайызға азайған

Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов Ұшқын және Біртілек ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүргізілген кездесулер барысында елді мекендердегі көп жылдан бері шешілмей жүрген проблемалар көтерілді. Ұшқында ұрлық–қарлық азайғаны қуантса, Біртілектің кейбір ішкі көшелеріне 70 жылдан бері асфальт төселмегені ашық айтылды. Осы және өзге де тың ақпараттар туралы алдағы сюжетте.

Келес: Прокурор халық үнін тыңдауда

Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов Ақтөбе, Жүзімдік, Бірлесу және Қошқарата ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев, дербес бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, ауылдағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қошқарата а/о әкімінің есебі

Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрмахан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. Мемлекеттік қызметші округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Абайдың жұмбағы» поэтикалық сазды-кеші

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде қазақтың бас ақыны, ойшыл, данышпан Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Абайдың жұмбағы” атты поэтикалық сазды кеш өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрполат Талипов арнайы қатысып, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы Ұлы Абайдың 180 жылдығымен құттықтады. Әдеби-сазды кеш көркемөнерпаздардың орындауындағы қойылымға негізделді.