Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30 жыл

19 қазан – Құтқарушылар күні. Сонымен қатар, биыл төтенше жағдайлар министірлігіне – 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Халықтың қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет ететін құтқарушыларды арнайы аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтады. Салтанатты шара туралы алдағы сюжетте.
Жылғалық ақын – Жолдыбай Мұзаппаров

Жылға ауылдық клубында “Туған жерден түлеген ақын” атты тағылымды кеш өтті. Өңірден шыққан ақын Жолдыбай Исабекұлымен кездесу жиынына ауыл тұрғындары, көркемсөз өнеріне жаны құмар оқушылар мен ақынның бауырлары қатысты.
Тұрғын үйлердің сапасы сараланды

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы “Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қала аумағында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын пысықтады. Самал мөлтек ауданы аумағында бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің сапасына баға беріп, инвесторлармен кездесті. Толығырақ, тілші материалында.
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерден балалабақшалардағы ұрып-соғу әрекеттерін көп байқаймыз. Кішкентай балалар мен арасындағы кикілжің немесе тәрбиешілер тарапынан бөбектерге көрсетілетін зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында Сарыағаш аудандық полиция басқармасы зорлық-зомбылықпен күрес тобының мамандары қаламыздағы балабақшаларда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Толығырақ, тілші материалында.
Кезекті жеке қабылдау

Облыстық мәслихат депутаты Жәнібек Сүлейменов тұрғындардың өтініш-тілек, ұсыныстарын тыңдады. «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Жартөбе бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен азаматтарды жеке қабылдау өтті. Кезекті қабылдау барысында ауылдық округ тұрғындары қандай арыз-шағыммен келді? Көрейік.
Көшпелі қоғамдық қабылдау

Азаматтар барлық өзекті мәселелер бойынша тікелей мамандардан тегін құқықтық кеңес алып, шешімін табуға мүмкіндік алды. Толығырақ айтсақ, «AMANAT» партиясы Түркістан филиалының ұйымдастыруымен “Құқықтық көмек” жобасы аясында Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Құрама елді мекенінде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аманаттықтарлың бұл ағымдағы жылдағы көшпелі қабылдау өткізген 13-і ауданы екен.
Өзекті мәселелер талқыланды

Дәулет Бекбашұлы Тлемисов Келес ауданына жұмыс сапарымен келді. Түркістан облысы прокурорының орынбасары аудан активтерімен кездесу өткізді. Өңірдегі қоғамдық саяси-тұрақтылық мәселесі бойынша өткен жиынға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев пен аймақ прокуроры Нұрлан Ешенқұлов та қатысты.
«Жарқын бейне – жауһар жыр»

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ақын Жарқынбек Наушабековтің құрметіне арналған республикалық «Жарқын бейне – жауһар жыр» атты ақындар айтысы өтті. Аталған шара 25 қазан – Республика күні мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, аудан әкімдігінің қолдауымен және «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асты.
Өткенге құрмет

№24 Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұлағатты ұстаз Әбіш Ержан Тешебайұлының құрметіне атаулы мұғалімдер бөлмесі ашылды. Ондағы басты мақсат – жастарға үлгі-өнеге көрсету, олардың бойында патриотизмді, тарихи сананы қалыптастыру, әрі ұстаздар мен ардагерлердің еңбек жолын, қажырлы еңбегін жастарға үлгі етіп көрсету. Тағылымы мол іс шара барысы толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Ұстаздар ұлықталды

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс, Нұрдәулет Еркін