Қабланбек ауылының 100 жылдығына арналған турнир

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс
Ақ халаттылар арасындағы спартакиада

«Медицина қызметкерлері күні» қарсаңында Сарыағаш ауданында “Алғыс саған, ақ халатты абзал жан!” атты спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шарада аудан аумағындағы денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері сынға түсті. Тартысты ойындар жайлы толығырақ тілші материалында.
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТІЛДІ

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс
Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас
«Әлия – ерліктің есімі, елдікті бесігі»

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай, Келес ауданы Абай ауылындағы №3 Ә.Молдағұлова мектебінде мерекелік шара өтті. Мақсат – жас ұрпақтың бойын патриоттық рухты сіңіру, сұм соғыста қаза тапқан майдангерлерді еске алу, Кеңес одағының батыры Ә.Молдағұловаға құрмет көрсету. Ұстаздар мен оқушылар бірге белсене қатысқан шара жайын әріптесім айтып берсін.
«Ұрпағы ұмытпаған – Ұлы жеңіс»

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Келес ауданында «Ұрпағы ұмытпаған – Ұлы Жеңіс» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – ел үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, өшпес ерлікті ұрпақ жадында жаңғыртуға бағытталған тағылымды бастама болды. Толығырақ, әріптесім айтып берсін.
Шеңгелді газбен қамтылды

Қуанышты жаңалық. Шалғайдағы Шеңгелді елді мекеніне газ келді. Енді ауылдағы 308 абонент көгілдір отынмен қамтылатын болады. Табиғи газ қосылған алғашқы 2 үйге аудан басшысы Арман Абдуллаев бастаған облыс, аудан көлеміндегі депутаттар мен жауапты мамандар арнайы барып, тұрғындарды құттықтап қайтты.
Жас мамандарға кәсіби қолдау көрсетілді

Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас
Республикалық марафон

1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мерекеге орай республика көлемінде жүгіруден марафон өтті. Жеңіл атлетикалық спорт түрінен ұйымдастырылған ауқымды шара Келес ауданында да ұйымдастырылды. Марафонда еріктілер, спортшылармен қоса, параолимпиадашылар да бой көрсетті.
Дербісектегі ерекше жиын

Дербісек ауылдық округінде биылғы Әз Наурыз мерекесі мен Ораза айт мейрамына орай ерекше шара ұйымдастырылды. Ауылдың әсем табиғаты мен дәстүрлі ұлттық бояулары – мерекелік шараның атмосферасын одан әрі жандандырды. Ал мерекелік шараны ұйымдастырған ауылдың 2001 жылғы жастары екен.