Өзекті мәселелер талқыланды

Дәулет Бекбашұлы Тлемисов Келес ауданына жұмыс сапарымен келді. Түркістан облысы прокурорының орынбасары аудан активтерімен кездесу өткізді. Өңірдегі қоғамдық саяси-тұрақтылық мәселесі бойынша өткен жиынға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев пен аймақ прокуроры Нұрлан Ешенқұлов та қатысты.

«Жарқын бейне – жауһар жыр»

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ақын Жарқынбек Наушабековтің құрметіне арналған республикалық «Жарқын бейне – жауһар жыр» атты ақындар айтысы өтті. Аталған шара 25 қазан – Республика күні мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, аудан әкімдігінің қолдауымен және «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асты.

Өткенге құрмет

№24 Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұлағатты ұстаз Әбіш Ержан Тешебайұлының құрметіне атаулы мұғалімдер бөлмесі ашылды. Ондағы басты мақсат – жастарға үлгі-өнеге көрсету, олардың бойында патриотизмді, тарихи сананы қалыптастыру, әрі ұстаздар мен ардагерлердің еңбек жолын, қажырлы еңбегін жастарға үлгі етіп көрсету. Тағылымы мол іс шара барысы толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Ескі үйдегі екі кездесу

Келес ауданы Абай ауылындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде Дулат Исабековтің “Ескі үйдегі екі кездесу” драмасы сахналанды. “Келес халық театрының “ маусымашар қойылымын тамашалауға аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері келіп қатысты. Мәдени шара туралы толығырақ келесі бейнесюжетте.

Қарттарға құрмет

1-Қазан халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, өңіріміздің дамуына үлес қосқан ардақты қариялар мен ақжаулықты аналар, еңбегі сіңген зейнеткерлерге арнап дастархан жайылды. Қаламыздағы мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған шарада аудан әкімі мен аудандық мәслихат төарағасы арнайы қатысып, жиналғандарды халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Салтанатты шара туралы алдағы сюжетте.

«Қауіпсіз жол»

Қыркүйек айының 15 мен 30 аралығында Келес ауданы көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Респулика көлемінде бастау алған шараның мақсаты – тек жол жүру қағидаларын сақтау емес, әрбір жол жүрісіне қатысушы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Науқан аясында Келес ауданы әкімдігінде Полиция басқармасының ұйымдастыруымен жиын өтті.

Жолдаудағы басымдықтар: ЖИ дәуірі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған негізгі бағыттар Сарыағаш ауданында өткен басқосуда талқыланды.
Цифрлық даму дәуіріне қадам басып жатқан еліміз қандай қағидаларды ұстану қажет? Болашақта жасанды интеллект қандай маман иелерінің орнын баса алады? Алдағы сюжеттен тамашалаңыздар.

«Қабланбек» жеміс-жүзім совхозына – 100 жыл

Сарыағаш ауданында «Қабланбек» жеміс-жүзім совхозының құрылғанына 100 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Ел тарихында елеулі орны бар шаруашылықтың ғасырлық мерейтойы кең көлемде ұйымдастырылды. Өңіріміздің ауыл шаруашылығының алтын діңгегіне айналған совхоздың мерейтойы туралы алдағы сюжетте.