Кіл мықтылар анықталды

Сарыағаш ауданы әкімінің кубогі үшін IQ батл зияткерлік сайысы өтті. Облыс деңгейінде ұйымдастырылған білімділер додасына бұл жолы рекордық көрсеткіш – 34 команда қатысты. Түркістан облысының бірнеше ауданынан келген жастар 7 кезеңнен тұратын батлда кіл мықтыны анықтады.
Жылдың үздік кітапханашысы

24 қазан – өзін кітап пен білім әлеміне арнаған кітапханашылар күні. 2022 жылдан бастап кәсіби мереке ретінде тойланып жатқан айтулы дата қарсаңында аудандық мәдениет үйінде арнайы шара өтті. Жиында жылдың үздік кітапханашысы анықталды.
Қадірлі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі

Кітапхана – тек кітап сақтайтын орын емес, ол – халықтың рухани байлығының алтын қазынасы, білім мен парасаттың мәңгілік шырағы. Ал кітапханашы кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, ұрпаққа рухани азық сыйлатын қадірлі маман иесі. Ел Президентінің жарлығымен 2022 жылдан бері атап өтіліп келеді. Ендеше, айтулы мереке аясында кітапханашыларымыз туралы сюжет тамашалаңыздар.
Рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Сарыағаш ауданында «Рухани келісім — бейбітшілік негізі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті, өзара сыйластық пен түсіністікті дәріптеу, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасындағы рухани келісімді нығайту.
Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30 жыл

19 қазан – Құтқарушылар күні. Сонымен қатар, биыл төтенше жағдайлар министірлігіне – 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Халықтың қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет ететін құтқарушыларды арнайы аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтады. Салтанатты шара туралы алдағы сюжетте.
Жылғалық ақын – Жолдыбай Мұзаппаров

Жылға ауылдық клубында “Туған жерден түлеген ақын” атты тағылымды кеш өтті. Өңірден шыққан ақын Жолдыбай Исабекұлымен кездесу жиынына ауыл тұрғындары, көркемсөз өнеріне жаны құмар оқушылар мен ақынның бауырлары қатысты.
Тұрғын үйлердің сапасы сараланды

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы “Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қала аумағында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын пысықтады. Самал мөлтек ауданы аумағында бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің сапасына баға беріп, инвесторлармен кездесті. Толығырақ, тілші материалында.
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерден балалабақшалардағы ұрып-соғу әрекеттерін көп байқаймыз. Кішкентай балалар мен арасындағы кикілжің немесе тәрбиешілер тарапынан бөбектерге көрсетілетін зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында Сарыағаш аудандық полиция басқармасы зорлық-зомбылықпен күрес тобының мамандары қаламыздағы балабақшаларда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Толығырақ, тілші материалында.
Кезекті жеке қабылдау

Облыстық мәслихат депутаты Жәнібек Сүлейменов тұрғындардың өтініш-тілек, ұсыныстарын тыңдады. «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Жартөбе бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен азаматтарды жеке қабылдау өтті. Кезекті қабылдау барысында ауылдық округ тұрғындары қандай арыз-шағыммен келді? Көрейік.
Көшпелі қоғамдық қабылдау

Азаматтар барлық өзекті мәселелер бойынша тікелей мамандардан тегін құқықтық кеңес алып, шешімін табуға мүмкіндік алды. Толығырақ айтсақ, «AMANAT» партиясы Түркістан филиалының ұйымдастыруымен “Құқықтық көмек” жобасы аясында Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Құрама елді мекенінде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аманаттықтарлың бұл ағымдағы жылдағы көшпелі қабылдау өткізген 13-і ауданы екен.