Өзекті мәселе

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, ашық пікір алмасу мақсатында жергілікті қоғам белсенділері және бақ өкілдерімен кездесті. Жиында өңірдің әлеуметтік дамуы шеңберінде түйткілді проблемалар ашық айтылды. Белсенділердің ұсыныс-тілектері назарға алынды.

Құркелестіктермен кездесу

Арман Абдуллаев тұрғындармен есептік кездесуі Құркелес ауылдық округінде жалғасын тапты. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндама жасады. Жиыннан соң азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Маңызды кездесулер

Келес ауданы Қаратөбе – Ғ. Мұратбаев бағытындағы жол жөнделеді. Ал Бірлесуде жол, жарық және ауыз су мәселелері шешімін тауып келеді. Жүзімдік ауылдық округінде мәдениет үйі мен емхана салынуда. Осы және өзге де тың ақпараттар Жәнібек Ағыбаевтың ауыл тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды.

15 ауыл ауыз сумен қамтылмақ

Жыл соңына дейін 15 елді мекен толықтай ауыз сумен қамтылмақ. Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев бақ өкілдерімен брифинг өткізді. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар. Шара барысында спикер журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Жылғада

“Саламатты Қазақстан” пойызы Жылға ауылдық округіне келді. Мамыр айында басталған медициналық саяхат желтоқсанның ортасында аяқталады. Шалғай елді мекендердегі тұрғындарға сапалы медициналық көрсетуді мақсат еткен жоба аясында 90 мың азаматқа тегін қызмет көрсету жоспарланған.

Дамудың даңғыл жолындағы Бірлік

Бірлік ауылдық округінде әлеуметтік инфрақұрылым жақсарып, 3 мектеп, 4 балабақша, аурухана, ФАП, кітапхана, ауылдық клуб жұмыс істеп тұр. 7 елді мекеннен құралған округте бүгінде 5759 тұрғын мекен етеді. Ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қосөткел, Жаңатіршілік, Үшағаш елді мекендерінде су жүйелері жаңартылып, жаңа ұңғымалар қазылып, сүзгіштер мен резервуарлар орнатылуда. Ауылдың тұрмыс-тіршілігі туралы алдағы сюжетте.

Таскескеннің түлегі

Таскескен ауылында сұм соғысқа қатысып, Қызыл жұлдыз орденінің иегері атанған офицер Лес Жүсіповтың рухына Құран оқылып, ас берілді. Сыйлы азаматтың 100 жылдығына орай еске алу шарасында аптал азаматқа арналып тапсырыспен жазылған “Таскескеннің тастүлегі” атты кітаптың тұсауы кесілді. Ауыл азаматтарына ақ дастархан жайып, әке рухына құрмет көрсеткен Лес Жүсіповтың ұл-қыздары.

Зияткерлік сайысы

25 қазан – Республика күні. Ұлттық мереке қарсаңында Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде зияткерлік сайысы өтті. Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен білім бәйгесіне 8 команда қатысты.