Терроризмге жол жоқ

Келес ауданы Шұқырсай ауылындағы спорт алаңында «Терроризмге жол жоқ» атты акция ұйымдастырылды. Шара қоғамда терроризмге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру, жастардың отансүйгіштік рухын көтеру, бейбітшілік пен бірлік құндылықтарын насихаттау мақсатында өткізілді.

Жайнай бер, гүлдей бер, Астана

6 шілде – елордамыз Астана күні. Биыл 27-рет тойланғалы жатқан мерекені республикамыздың барлық өңірі мерекелеуді бастап кетті. Еліміздің бас қаласы күніне орай, Сарыағаш қаласындағы орталық саябақта “Жайнай бер, гүлдей бер, Астана” атты мерекелік шара өтті.

«Күй құдіреті» фестивалі

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне орай “Күй құдіреті” атты фестиваль өтті. Шараға өңірімізге қарасты барлық ауылдық округтің өнерпаздары қатысты. Мақсат – күй өнері дүлейлерінің музыкалық мұрасын насихаттау, қабілетті жастарды халыққа таныту.

Ұлттық домбыра күні тойланды

Қазақ елінің көнекөз шежіресі – Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. 2018 жылдан бері тойланатын атаулы датаға орай іс-шаралар Сарыағаш ауданында да жоғары деңгейде қолға алынды.

«ШӨЛДЕП» ЖАТҚАН АУЫЛДАРДАҒЫ АУЫЗ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАШАН ШЕШІМІН ТАППАҚ?

Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев облыс аумағындағы іссапарын Келес ауданында жалғастырды. Жұмыс сапары барысында халық қалаулысы «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Қазақстан полициясы күні атап өтілді

Келес аудан әкімдігінде 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне арналған шара өтті. Мерекелік жиынға арнайы аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев қатысып, құқық қорғау саласы қызметкерлерін мейраммен құттықтады.

Әке – шаңырақтың тірегі

Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде “Әке – шаңырақтың тірегі” атты сайыс өтті. Байқауға әр ауылдық округтен 11 қатысушы бақ сынады. Толығырақ, тілші материалында.

Ауыл халқының жанайқайы

«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы жанындағы Қызылжар бастауыш партия ұйымының кабинетінде аудандық мәслихат депутаты Нұрполат Арапбаев жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар трапынан қандай өзекті мәселелер көтерілді? Бірге білейік.

ХХI ғасырдың қаржылық триггерлері

“ХХI ғасырдың қаржылық триггерлері”. Дәл осындай тақырыпта Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжінде республикалық форум өтті. Қаржы саласындағы қауіптер, көлеңкелі экономикамен күрес, қаржылық сауаттылықты арттыру – басқосудың басты мақсаты. Жиынға аудан, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары, тиісті сала қызметкерлері қатысты. Толығырақ, тілші баяндайды.