Бесінші қыркүйек елімізде Тілдер күні ретінде аталып өтетін маңызды дата. Осыған орай, жыл сайын республика көлемінде түрлі мәдени іс-шаралар мен тағылымды конференциялар ұйымдастырылып келуде. Осы ретте, Сарыағаш ауданында тіл жанашырларын аудан әкімінің орынбасары мен мәслихат төрағасы мерекемен құттықтап, бағалы сыйлықтар мен алғыс хат тапсырды. Мерекелік шара жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





