Келес ауданында жылыту маусымының басталуына байланысты жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары тұрғындар арасында түсіндіру және рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештерді дұрыс пайдалану және табиғи газдан уланудың алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі жылыту құрылғыларының қауіпсіздігіне назар аударып, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуға басымдық берілуде.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы




