Ұлт руханиятының өзегіне айналған айтыс өнері – сөз шеберлігі мен суырыпсалмалықтың сыналар алаңы. Республика күні мерекесі аясында Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде айтыскер ақын Жарқынбек Наушабековтің құрметіне арналған жыр додасы өтті. Өнер бәйгесіне 12 ақын қатысып, жиында өзара бақ сынады.
Авторлар: Замира Құралбайқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы





