Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде спорт саласында биік белестерді бағындырып жүрген жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді. Аталған жиынға аудан әкімі Арман Арман Абдуллаев пен мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы арнайы қатысып, спортшыларды мерекемен құттықтап, алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырды. Мұндай іс-шаралар арқылы спортшыларды ынталандырып қана қоймай, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыруға жол ашпақ.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





