Сарыағаш ауданында «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Игі бастама қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтып, өзара сыйластықты дәріптеуге бағытталған. Спорттық сайысқа ауданның әр аймағынан келген мешіт имамдары қатысып, ортақ алаңда бас қосты.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрболат Еркін





